ОҚУ КУРСТАРЫНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ №6 ШАРТ
Алматы қаласы, _____ 2025 жыл
1. ШАРТТЫҢ ПӘНІ
1.1. Орындаушы “PRO BIO” қысқа мерзімді курстарында Тапсырыс берушіге оқыту қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызметтерді төлеуге міндеттенеді.
1.2. Орындаушы Тапсырыс берушінің “PRO BIO” оқу курсында тікелей Оқушы ретінде білім алуын қамтамасыз етеді.
2. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
2.1. Толық оқу курсы (бұдан әрі – Оқу курсы) Қызметтерді көрсету мерзіміне сәйкес келеді және ____ 2025 жылдан ____ 2026 жылға дейін жалғасады.
2.2. Оқушылар оқу барысында қажет болатын оқу материалдарын, техниканы, кітаптарды өз бетінше және өз қаражаты есебінен сатып алады.
2.3. Орындаушы оқу бағдарламасын өз бетінше белгілейді, сондай-ақ оқу процесін және сабақ кестесін ұйымдастырады, оны Оқушы сақтауға міндетті.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ
3.1. Орындаушы Қызметтердің тиісті білімі мен дағдылары бар білікті мамандармен көрсетілетінін және олар жоғары кәсіби деңгейде орындалатынын кепілдендіреді.
3.2. Қызметтер көрсетілгеннен кейін Орындаушы Тапсырыс берушіге Қызметтерді көрсету актісін (бұдан әрі – Акт) ұсынады. Тапсырыс беруші 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Актіге қол қойып, қайтаруы немесе негізделген бас тартуды ұсынуы қажет. Егер 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде бас тарту ұсынылмаса, Акт қабылданды деп саналады.
4. ШАРТТЫҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ
4.1. Осы Шарт бойынша Қызметтердің жалпы құны 144 900 теңгені құрайды (Қосымша 1).
4.2. Көрсетілген баға қосылған құн салығын қамтымайды.
4.3. Төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әдіспен жүзеге асырылады.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауап береді.
5.2. Егер Тапсырыс беруші Қызметтерді төлеуді кешіктірсе, ол Шарттың жалпы құнының 0,1% мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұлдың ең жоғары сомасы Шарттың жалпы құнының 20%-ынан аспауы тиіс.
5.3. Орындаушы “PRO BIO” онлайн курсының авторы болып табылады. Авторлық құқықтарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
5.4. Орындаушы Тапсырыс берушіге онлайн-платформаға және ондағы материалдарға тек жеке білім алу мақсатында қолжетімділік береді.
5.5. Курсты заңсыз пайдалану (копиялау, қайта сату және басқа коммерциялық мақсатта қолдану) Қызметтерге қолжетімділікті тоқтатуға әкеп соғады, ақшалай қаражат қайтарылмайды.
6. ШАРТТЫ БҰЗУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ОҚУШЫНЫ ОҚУДАН ШЫҒАРУ
6.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауап береді.
6.2. Орындаушы Тапсырыс беруші оқу тәртібін, ішкі ережелерді бұзған жағдайда оны курстан шығару құқығын өзіне қалдырады. Бұл жағдайда төленген қаражат қайтарылмайды.
7. ФОРС-МАЖОР
7.1. Егер Тараптар Шарт жасалғаннан кейін форс-мажорлық жағдайлар орын алса, міндеттемелерді орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады.
7.2. Мұндай жағдайлар орын алған жағдайда, 10 күнтізбелік күн ішінде екінші тарапқа жазбаша хабарлама жіберілуі тиіс.
7.3. Форс-мажорлық жағдайларды растау үшін ресми құжаттар ұсынылуы қажет.
8. ШАРТТЫҢ МЕРЗІМІ
8.1. Осы Шарт төлем жасалған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптардың барлық міндеттемелері толық орындалғанға дейін жарамды.
8.2. Қосымшалар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
9.1. Даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Егер келісімге қол жеткізілмесе, Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралады.
10. ҚОСЫМША ШАРТТАР
10.1. Екі тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа міндеттемелерді беру рұқсат етілмейді.
10.2. Шартқа қол қойылғаннан кейін оның алдындағы барлық келіссөздер, хат алмасулар және ниет хаттамалары жарамсыз болады.
10.3. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
10.4. Шарт 2 (екі) данада жасалады, әр Тарап үшін бір-бірден, барлық даналар тең заңды күшке ие.
11. ТАРАПТАРДЫҢ РЕКВИЗИТТЕРІ
Заказчик:Исполнитель:
ФИО
ИИН:
Тел:
ИП ИЛЬЯС
Адрес: Казахстан, Алматы,УЛИЦА ЖАЯУ МҰСА, дом 8
БИН (ИИН): 980716401496
Банк: АО "Kaspi Bank"
КБе: 19
БИК: CASPKZKA
Номер счёта: KZ66722S000016487587
________________ . _____________________ Ильяс Малика
«proБИО 10-сыныпқа арналған» тарифі
Оқу мерзімі: 15 ай
Бағасы: 144 900 теңге
Оқу бағдарламасы:
• 5 ай теорияны меңгеру
• 4 айлық қарқынды қайталау курсы
• 1 айлық ҰБТ тест тапсырмаларын шешу кезеңі
• 3 айлық Qaitalap AL курсы
Бұл пакетке келесі қызметтер кіреді:
• 120+ бейнесабақ
• Оқу платформасына толық қолжетімділік
• Дайын конспекттер
• Әр сабақтан кейінгі пробный тесттер
• Рейтингтік оқу жүйесі
• Куратормен жабық Telegram чаты
• Чатта куратордың қолдауы
• Оқу мерзімі 6 ай
• Әр апта сайын ауызша зачет
• Малика апаймен аптасына 2 рет тікелей эфир
• Ай сайынғы пробный тест тапсыру
• Аралық бақылау
Қосымша сыйлық курстар:
Оқу сауаттылығы курсы
• 11 бейнесабақ
• Оқу платформасына қолжетімділік
• Әр сабақтан кейін білімді тексеру үшін тесттер
• Оқу мерзімі: 10 ай
Математикалық сауаттылық курсы
• 28 бейнесабақ
• Оқу платформасына қолжетімділік
• Әр сабақтан кейін білімді тексеру үшін тесттер
• Оқу мерзімі: 10 ай
Қызметтерді қайтару шарттары
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңына сәйкес, оқушы курстар басталғаннан кейін 14 күн ішінде қызметтің сапасына сәйкес келмеуі туралы “PROBIO” компаниясының менеджеріне хабарлауы тиіс.
Қайтару кезінде ұсталып қалатын сома:
• 10 күнге дейін өтініш берген жағдайда – оқудың жалпы құнының 30%
• 10-20 күн аралығында өтініш берген жағдайда – оқудың жалпы құнының 70%
• 20-30 күн аралығында өтініш берген жағдайда – оқудың жалпы құнының 90%
• 30 күннен кейін өтініш берген жағдайда – оқудың жалпы құнының 100%
Бұл қосымша оқу курстарына қызмет көрсету шартының ажырамас бөлігі болып табылады
РЕКВИЗИТЫ СТОРОН:
Заказчик:Исполнитель:
ФИО
ИИН:
Тел:
ИП ИЛЬЯС
Адрес: Казахстан, Алматы,
УЛИЦА ЖАЯУ МҰСА, дом 8
БИН (ИИН): 980716401496
Банк: АО "Kaspi Bank"
КБе: 19
БИК: CASPKZKA
Номер счёта: KZ66722S000016487587
__________________ Ильяс Малика